{metadescription}
Моңғолияда Үкімет отставкаға кетті
Моңғолияда Үкімет отставкаға кетті

Моңғолияда Үкімет отставкаға кетті

Халық дегеніне жетті. Моңғолияда жұрттың жаппай наразылығынан кейін Үкімет отставкаға кетті. Ал дауға дәрігерлердің жас босанған әйелге немқұраймен қарағаны түрткі болған.

Дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан әйелді шақалағымен бірге инфекциялық стационарға адам төзгісіз жағдайда тасымалдапты. Жас туған бала мен анасының үстінде жылы киім де болмаған. Қауіпті індетке шалдыққан келіншекке жеке қорғаныс құралдары да берілмеген. Осыған ашуланған жұрт Ұлан-Батырдағы орталық алаңға шығып, биліктің отставкаға кетуін талап еткен. Ақыры премьер-министр бастап, оның орынбасары, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі жылы орнымен қош айтысты. Енді жаңа үкімет жасақталуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде