{metadescription}
Алты жасар баласына көлік айдатқан ерлі-зайыпты жауапқа тартылмаған – Петропавл
Алты жасар баласына көлік айдатқан ерлі-зайыпты жауапқа тартылмаған – Петропавл

Алты жасар баласына көлік айдатқан ерлі-зайыпты жауапқа тартылмаған – Петропавл

Петропавлдық келіншек алты жастағы балаға көлік тізгінін берген ерлі-зайыптыны жауапқа тартқыза алмай жүр. Дарина Туғымбаеваны бірінші сыныптың табалдырығын енді аттаған оқушы машинамен басып өткен. Соның кесірінен әйел мүгедек болып қалған.

Дарина Туғымбаева, жәбірленуші:

 -Оқиға былтыр жазда Есіл өзенінің жағасында болды. Біз отбасымызбен демалып жатқан едік. Бір уақытта бір ер адам: «балам осы жасында көлік басқара алады» деп мақтанды. Сөйтіп кішкентай ұлын "қане, машинаны оталдыршы" деп жұмсап жіберді. Мен оған мән бермеген едім, бірер минуттан соң көлік оталып, бізге қарай жүрді.

Даринаның күйеуі шомылауға кетіп, ал өзі екі баласымен жағалауда жатқан. Сол сәтте 6 жастағы бала «мерседеспен» басып өтеді. Жәбірленушілер қашып үлгермей, астында қалып, біраз жерге дейін сүйретілген. Даринаның 3 және 1 жастағы екі баласы жеңіл жараланып, ал өзінің жамбасы бірнеше жерден морт сыныпты. Келіншек екі ай ауруханада жатып, екінші топтағы мүгедек болып қалған. Жәбірленуші баланың жасаған қылмысы үшін ата-анасы не материалдық, не моральдық демеу көрсетпеді деп күйінеді. Тіпті кешірім сұрауға да жарымады деп отыр. Сондықтан ұзақ мерзім өтуіне қарамастан, ол әділдікке жетуге бел буған. Ал полицейлерден белгілі болғаны, «мерседестің» иесі тек әкімшілік жауапқа тартылыпты.

Анар Ахметжанова, СҚО ПД анықтау басқармасының анықтаушысы:

-Аталған факті ҚР ҚК 349-бабымен сотқа дейінгі тергеулер тізіміне енгізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілді.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде