{metadescription}
Көлік жүргізуге енді жеке куәлік жеткілікті
Көлік жүргізуге енді жеке куәлік жеткілікті

Көлік жүргізуге енді жеке куәлік жеткілікті

Көлік жүргізуге енді жеке куәлік жеткілікті. Полиция қалған мәліметті планшеттен қарап алады. Сенат талайдан бері талқыланып келе жатқан заң жобасын мақұлдап, бүгін президенттің қол қоюына жіберді.

Нұрлан Бекназаров, Сенат депутаты:

-Және де Әкімшілік құқықбұзу кодексінен бұрындары өзімен бірге жеке куәлігі болмаса, көлікке қажетті, «техпаспорт» деп айтады ғой, сол құжат болмағанда әкімшілік айыппұл төлеу талабы қойылатын. Қазіргі өзгерістен кейін Кодекстен айыппұл салу мәселесі алынып тасталды.

Енді полиция көлікті тоқтатқан кезде жүргізуші тек жеке куәлігін ұсынса жеткілікті. Полиция қызметкері оны планшет арқылы арнайы базаға енгізіп, мәліметін тексереді. Ал интернет ұстамайтын жерде рациямен жақын жердегі полиция бекетіне немесе кезекші бөлімге хабарласып, мәліметін ортақ базадан тексереді. Заңдағы бұл өзгеріс тек Қазақстан азаматтарына ғана қолданылады.

Елімізге Ресей, Армения мен Қырғызстанның нөмірімен жүрген 18 мың көлік тіркеліп үлгерген. Ішкі істер министрлігі бұл көліктер елімізде тіркелгендіктен, олардан да құжат сұралмайтынын мәлімдеді. Ал елімізде жүрген шетелдіктер өзімен бірге құжатты бұрынғысынша түгел алып жүруге міндетті. Бірақ шетел азаматтарына келгенде екі түрлі мәселе бар.

Алексей Калайчиди, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

-Егер көлікті шетел азаматы басқарып отырса, ол халықаралық көлік дәлізінің қатысушысы болып саналып, өзімен бірге жүргізуші куәлігін де, көлік құжатын да алып жүруі тиіс. Ал шетелдік көлікті Қазақстан азаматы басқарып отырса, онда тек көлік құжаты ғана талап етіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде