{metadescription}
Төрт кеншінің өліміне кінәлілер анықталды – Ақтөбе облысы
Төрт кеншінің өліміне кінәлілер анықталды – Ақтөбе облысы

Төрт кеншінің өліміне кінәлілер анықталды – Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысындағы мыс шахтасында қайтыс болған төрт кеншінің өліміне жұмыс беруші кінәлі. Үш апта бойы тексеру жүргізген комиссия мүшелері осындай ұйғарымға келген.

Жер астындағы тау жыныстарын жарумен айналысатын жұмысшылар улы газға тұншығыпты. Сол күні шахтадағы желдеткішті іске қоспай, басшылары салғырттық танытты деп отыр комиссия. Енді кен орнының бас инженері жауапқа тартылады. Кеншілердің жер астындағы еңбек қауіпсіздігі де сақталмаған. Тексерушілердің сөзінше, жарылыстан соң кез келген шахтада улы газ тұман болып жиналып қалады. Бірақ уақтылы ауа алмасып тұрса, мұндай қайғылы оқиға болмас еді дейді.

Осыдан 20 күн бұрын Хромтау ауданындағы мыс компаниясының төрт кеншісі шахтадан шыға алмай қайтыс болса, бір жұмысшы аман қалған. Тірі қалған Аман Абдуллаев әріптестерімен бірге жоғарыға қарай тұра жүгірмеген. Ол тұманның сейілгенін күтіп, артынан шығыпты. Осының арқасында аман қалған.

Саламат Аманбаев, Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы:

-Үлкен желдету желдеткіші тұр. Солар таза ауа алып, жарылыстан соң ауаны тартып алу керек. Сол күні 18:50-де мекеменің бас инженері Сафин желдеткішті тоқтатуға бұйрық береді. Олар бұрынғыдай жұмысын істеп болғаннан кейін шығатын уақытта, жарылыстан соң сырттағылармен байланысқа шықпай қалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде