Үш жасар қызын өлімші етіп сабаған ана қамауға алынды – Петропавл
Петропавлда үш жасар қызын өлімші етіп сабаған тасжүрек ана қамауға алынды. 22 жастағы келіншек баласын есінен танғанша ұрып, артынан жедел жәрдем шақыртқан. Денесінің сау тамтығы қалмаған қаршадай қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
21.01.2021
Кішкентай Сашаны туған анасы тоқпақтап тастапты. Бейкүнә балаға жас келіншектің не үшін шүйліккені белгісіз. Үш жасар қызын кереуетінен құлатып, ол есінен танып қалғанда ғана анасы жедел жәрдем шақыртқан. Әбден таяқ жеген бала ауруханадан бір-ақ шықты. Баланың мүшкіл халін көрген дәрігерлер жағасын ұстапты. Полицияға хабар берген де ақ халаттылар екен.
Азат Құсайынов, СҚО ПД басқарма бастығының орынбасары:
-ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізілуде.Қылмыстық іс шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп, қажетті бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қазір 22 жастағы қала тұрғыны Петропавл қаласындағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!