Әлем: КВИ жұқтырғандар 100 миллионға жетіп қалды
Әлемде коронавирус жұқтырғандар 100 миллионға жетіп қалды. Соңғы тәулікте қауіпті індет 250 мыңнан аса адамнан анықталды. Жеті мыңға жуық науқас көз жұмған. Аурудың таралуы бойынша АҚШ көш бастап келеді.
Автор: Аруна Ортай
22.01.2021
Португалия да бүгін антирекорд орнатты. Елде бұрын-соңды болмаған ең көп адам өлімі тіркелді. Бір тәулікте ғана мұнда 221 тұрғын індеттен қайтыс болды. «Өлім-жітім әрі қарай көбейіп кете ме?» деген қауіппен жергілікті билік оқу орындарын түгел жаптырып тастады. Одан қалды, ауру ушығып жатқан Лондонмен әуе рейстерін тоқтатты.
Нидерланд та қатаң шараларға көшті. Мұнда екінші дүниежүзілік соғысы кезінен кейін болмаған коммендаттық сағат жарияланды. Кешкі тоғыздан кейін тұрғындар үйінен аттап шығуға рұқсат жоқ.
Чехия төтенше жағдайды тағы ұзартты.Өлім-жітім күн санап көбейген. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қазір әлемде 25 миллион адам аурумен күресіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!