{metadescription}
Балқашта браконьерлер іздестіріліп жатыр
Балқашта браконьерлер іздестіріліп жатыр

Балқашта браконьерлер іздестіріліп жатыр

Балқашта ұсақ балықтарды мұз бетіне тастап кеткен браконьерлер іздестіріліп жатыр. Қаскөйлер өзіне керегін алып, шабақтарды шашып кеткен.

-Көксеркені жұлып алып, ал бүкіл ақтабанды осылай әр шұңқырға тастай салған. Әлгі құдіретті Балқаш балық инспекциясы қайда? Балықшыларды қармағымен ұстап жүретін? Приозерск маңында адамдардың миын қатырады.

 

Бейнетастапаны балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерілерінен үнемі құқай көретін балықшылар түсірген сыңайлы. Олар осы балықтар өскенше сарыла күтіп, бір-бірлеп қармақпен аулайтынын айтады. Ал браконьерлер жүздеген балықты аумен алып, ұсақтарын мұз үсіне шашып тастаған. Бұл жағдай Приозерск қаласына жақын Жамбыл облысымен шекаралас тұста болған. Полицейлер осы жерге құрылған ауларды тауып алып өртеді. Жалпы кейінгі кезде Балқаш көлін браконьерлер  май-шелпекке айналдырған. Өткен жылдың өзінде көлге заңсыз ау салған 350 адам ұсталып, тоннаға жуық балық тәркіленіпті.

Нариман Жүнісов, ҚР Экология министрлігінің орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитетінің төрағасы:    

-Бұл жағдай құқық қорғау органдарында тіркеліп, заңсыз балық аулауға қатысы барларды ұстау қолға алынды. Осыған орай жанашыр азаматтардың мұндай жайттар туралы үнемі хабар беріп тұруын сұраймыз.      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде