Семей - Новопокровка бағытында жантүршігерлік жол апаты болды
Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Семей- Новопокровка бағытындағы тас жолда «Газель» ,«УАЗ» және Honda автокөлігі соқтығысқан. Апат орнында бір адам қаза тапты.
Автор: Ұлан Нұрахмет
22.01.2021
Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктің сау тамтығы қалмаған. Тіпті жүргізушінің мәйітін шығару үшін құтқарушылар шақырылыпты. Олар бүктеліп қалған темірді кесіп, марқұмның денесін алып шықты. Ал «УАЗ» көлігінде болған төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Жеңіл көлік өзгелерді басып озамын деп, тізгінге ие бола алмай қалған деген болжам бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!