{metadescription}
Карантиндегі заңбұзушылық: Айыппұл 3 млрд 600 миллионға жеткен
Карантиндегі заңбұзушылық: Айыппұл 3 млрд 600 миллионға жеткен

Карантиндегі заңбұзушылық: Айыппұл 3 млрд 600 миллионға жеткен

Былтыр денсаулық сақтау жүйесіндегі заңбұзушылықтарға қатысты салынған айыппұл көлемі 3 миллиард 600 миллион теңгеге жеткен. Оның ішінде 2 миллиард 200 миллионы карантин шағында санитарлық-эпидемиологиялық талапты бұзғаны үшін салыныпты.

Бас прокуратураның құқықтық статистика мен арнайы есептер комитеті осындай дерек келтірді. Айтылған 3 жарым миллиардтан астам айыппұлдың әзірге тек 3 миллиарды ғана өндіріліпті. Ал карантин шағында тыйым салынған шара өткізуде Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 5 мыңнан аса айыппұл салынған. Онан соң Алматы қаласында да 5 мыңға жуықтайды. Ал ең аз көрсеткіш Маңғыстау облысында. Онда барлығы 204 айыппұл салынған.

Медициналық бетперде тақпағаны үшін былтыр 15 613 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Оның ішінде тағы Алматы көш бастап тұр, қалада 4 жарым мыңдай адам айыппұл арқалаған. Түркістан облысында да 4 мыңнан асады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде