{metadescription}
Еуропада Covid-19 вакцинасының жетпей қалу қаупі бар
Еуропада Covid-19 вакцинасының жетпей қалу қаупі бар

Еуропада Covid-19 вакцинасының жетпей қалу қаупі бар

Әлем елдерінде жұрт шектеу шараларына қатысты жаппай наразылық білдіріп жатыр. Мәселен, Нидерландыда коменданттық сағат енгізіліп, ереуілге шыққандар көбейіпті. Еуропада Covid-19 вакцинасының жетпей қалу қаупі де халықты алаңдата бастаған. Соның салдарынан екпе салу аралығын ұзартуды қарастырып жатыр.

Амстердамда кеше енгізілген коменданттық сағатқа қарсы болған жұртшылықтың қарасы көп. Талапқа бағынғысы келмегендер қамауға алынып жатыр. Қарашаның бас көтеруіне басты себеп: түнде үйден шығуға тыйым салынған. Ал мейрамхана мен кинотеатрлар әлдеқашан жабылған. Дегенмен бұл талапты қолдайтындар да табылды.

-Бұл карантинге толық жауып тастағаннан гөрі, жақсырақ деп есептеймін. Мысалы, күндіз сабаққа барып келе аламыз. Үйден шыға алмай отырғаннан әлдеқайда жақсы. Қатаң карантин болдырмас үшін жасалған тәсіл.

Шектеу шараларын Израиль халқы да үреймен қабылдады. Мұнда да жастар жаппай көтеріліс ұйымдастырған. Оған себеп: жауаптылардың діни оқу орындарын жаппақ болған. Өйткені білім алушылар шектеуге шекесінен қарап, санитарлық талапты сақтамаған.

Францияда да эпид-ахуал ушыға бастаған секілді. Жақын күндері үш аптаға созылатын үшінші локдаун енгізіледі деген қауесет тараған. Алайда мұны биліктегілер әлі растамай отыр. Қазір бірнеше әлемдік фармацевтикалық компания вакцинамен қамтамасыз етуде қиындыққа тап болған. Алдын ала есептеулер бойынша, медициналық мекемелерде 30 миллионнан астам доза жеткіліксіз. Соған байланысты бірінші және екінші вакцина алудың арасын алты аптаға дейін ұзартуды қарастырып жатыр.

Луиджи Ди Майо, Италияның сыртқы істер министрі:

-Қазір екпе уақытының өзгермеуі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Жақын күндері Брюссельдегі елшіміз арқылы өзге елдермен және еуропалық комиссиямен ақылдасып, барлық жолын қарастырамыз.  

Осылайша әлем бойынша қауіпті індетті жұқтырғандардың жалпы саны 100 миллионға жақындады. Бүгін бұл тізімге Мексика президенті де енгені белгілі болды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде