1-шілдеден бастап жаңа әкімшілік соттары жұмысын бастайды
1-шілдеден бастап Қазақстанда жаңа әкімшілік соттары жұмысын бастайды. Ол жаңа қабылданған заң жобасына сәйкес жүзеге асырылады. Жоғарғы соттың мәлімдеуінше, бюджетке еш салмақ түспейді.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
25.01.2021
Ресми статистикаға сәйкес, мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың арасындағы даудың тек 15 пайызында ғана жеке тұлғалар сотта жеңіп шығады екен. Ал қабылданған әкімшілік әділет кодексі азаматтардың құқын қолдап, соттағы теңдікті қалыптастырады. Шілденің басына дейін елде 21 ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соттары ашылады. Жаңа заң талабына сәйкес, 500-дей судья қазір біліктілігін арттырып арнайы курстардан өтіп жатыр. Кодекс бойынша судьялардың мүмкіндіктері де біршама арта түседі.
Айдос Сәдуақасов, ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы:
-Жаңа заңға сәйкес, судья шешім шығарып қана қоймай, оның орындалуын да қадағалай алады. Егер лауазымды тұлға орындамаған жағдайда 50-ден 100 АЕК-не дейін қаржылай өндіріп алу шарасы қолданылады. Яғни шығарылған шешім орындалмайынша, судья ол адамды жауапкершіліктен босатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!