{metadescription}
Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қызметінен кетті
Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қызметінен кетті

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қызметінен кетті

Семей қаласын бес жыл басқарған Ермак Сәлімов қызметінен кетті. Бүгін оның орнына жеті баланың әкесі Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды. Ол бұған дейін Ұлан ауданының әкімі болған.

Ермак Сәлімов Семей қаласын 2015 жылдан бері басқарған. Осы бес жыл ішінде ол су тасқынымен және қоғамдық көліктердің реформасын жасаумен жұрттың есінде қалды. Әсіресе өңірді су басқанда өзендегі мұзды жарамын деп, көпқабатты үйдің терезелерін тас-талқан еткен еді. Ебедейсіздігімен көзге түскен Сәлімов енді облыс әкімінің тұрғын үй-құрылыс мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарады. Ал жаңа басшының не тыңдыратыны уақыт еншісінде.

Нұрымбет Сақтағанов, Семей қаласының әкімі:

-Жоғары сенім білдіріп қолдағандарыңыз үшін, біріншіден, Даниал Кенжетайұлы сізге, Семей қаласы мәслихаттының депутаттарына үлкен алғыс білдіргім келеді. Семей қаласының әкімі қызметі үлкен мәртебе. Өз кезегінде үлкен жауапкершілік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде