Семей депутаттарына айыппұл салынатын болды
Семейдің су жаңа депутаттары әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Карантин кезінде бетпердесіз жиын өткізгендердің әрқайсысына 85 мың теңгеден айыппұл салынады.
Автор: Ұлан Нұрахмет
25.01.2021
Әлеуметтік желілерде 20-дан астам азаматтың бетпердесіз түскен суреті жарияланған. Кейін олардың қалалық мәслихаттың депутаттары екені анықталды. Санитарлық талапты пысқырмағандар әлеуметтік ара қашықтықты да сақтамаған. Тіпті олардың ішінде шаһардың бұрынғы әкімі Ермак Сәлімов пен оның орынбасары да бар. Қазір лауазымды тұлғаларға қатысты тексеріс жүргізілуде.
Қанат Тұрдиев, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі:
-Бұл мәселеге қатысты көптеген сұрақ туындап жатыр. Қазір бұл мәселемен Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Жұмыс әлі біткен жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!