{metadescription}
Қос полицей мерт болған жол апатына қатысты сот – Ақмола облысы
Қос полицей мерт болған жол апатына қатысты сот – Ақмола облысы

Қос полицей мерт болған жол апатына қатысты сот – Ақмола облысы

Ақмола облысының Щучье қаласында осыдан үш ай бұрын   қос полицейді мерт қылған жол апатына қатысты сот жүріп жатыр. Күдікті ретінде 25 жастағы жүргізуші Сергей Воронцов жауап беріп жатыр. Қызмет бабында жүрген учаскелік инпекторлар Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидуллиннің артында зар еңіреп  бала шағасы қалған.

Қанат Хамидуллиннің жүкті келіншегі осыдан бір ай бұрын дүниеге ұлын әкелді. Қазір олар: «Есіріп кеткен бай баласы толық жазасын алса екен», - дейді. Тілшіміз кезекті сот процесіне қатысты.

Күдікті Сергей Воронцовқа Қылмыстық кодекстің 4-бабымен айып тағылып, қазір сот жүріп жатыр. Ол бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айрылған. Сол күні мас күйінде анасының көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, асқан жылдамдықпен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.

Кәсіпкер анасының «Лексусын» мініп тайраңдап жүрген бай баласы көлікте жалғыз болмаған. Қазір жүргізуші ретінде жалғыз өзі жауап беруде. Бірақ арыстай екі азаматтың өліміне себепкер болғанын еш мойындар емес. Анасы да тізгінде қасындағы екеудің бірі болған деп бой берер емес. Бірақ куәгерлер апат орнында мыжылып қалған көлік тізгінінен «дәл осы Сергей Воронцовты алып шықтық» дейді. «Лексусқа»  кездейсоқ отырған азамат «бай баласы бар кінәні маған арта сала ма» деп қауіптенеді.

Ермек Оспанов,куәгер:

-Қазір маған жаба салмақшы. Анасы айғайлап, қитұрқы сұрақтар қойып, тізгінде мен болды деп жүр. Полиция да мені көлік жүргізу құқымнан айырмақшы. Иә, мен көліктегі үшінші жолаушымын. Өз машинамды қойып, орталыққа жетіп алмақ болдым. Мас екен, кеш байқадым. Енді мені «рөлде болды» деп бой бермей тұр.

Соттағы жағдайды байқаған марқұмдардың туысқандары әрі-сәрі күйде. Олар Воронцовтың қорғаушысы мен анасы жағдайды басқа жаққа бұрып бара жатқанына аң-таң.

Жібек Хамидуллина, марқұмның анасы:

-Балалардың соты жүріп жатыр. Әділдігін тілейміз. Одан да көбірек берсін. Әділ жазасын берсін. 20 жыл берсін! Мейлі, неше жыл берсе де, берсін!

Естеріңізде болса, бұл оқиға өткен қазан айында Щучье қаласында болған. Таңғы сағат алты шамасында «Лексус» мінген жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өтіп кетіп, қызметтік көліктегі екі полицейді соққан.Тәртіп сақшылар апат орнында мерт болды. Жол ережесін бұзған 25 жастағы жігіт қамауға алынған. Енді тізгінде нақты кімнің отырғанын сот анықтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде