{metadescription}
Жүргізуші куәлігі мен техпаспорт – керек, себебі...
Жүргізуші куәлігі мен техпаспорт – керек, себебі...

Жүргізуші куәлігі мен техпаспорт – керек, себебі...

Жүргізуші куәлігі мен техпаспорттан мүлдем бас тартуға болмайды. Себебін бүгін Әкімшілік полиция комитетінің басшылығы түсіндірді.Бірінші кезекте, жүргізуші куәлігі мен техпаспорт көлікті сатарда және жүргізушінің біліктілігін дәлелдеуге қажет. Оның үстіне Вена конвенциясының жол жүру ережелері бойынша халықаралық тас жолға шыққандарда міндетті түрде жоғарыда аталған құжаттары болуы шарт. Сондықтан заң жүзінде жүргізуші куәлігінсіз көлік айдауға рұқсат болғанымен, құжаттың бұл түрі әр темір тұлпар тізгіншісіне беріле береді. Ішкі істер министрлігі жол апатына қатысты да мәліметті келтірді. Оған сәйкес, жолда ажал құшқандардың әрбір төртіншісі – жаяу жүргінші. Ал соңғы бір жылда ғана 200 мыңнан астам жаяу жүргінші жол ережесін  өрескел бұзған. Жалпы ел көлемінде жылына 5 миллионнан астам заң бұзушылық тіркеліпті.

Серік Түсіпов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

-Оның ішінеде 2 миллионнан астам деректе жылдамдықты асырған, 264 мың жағдайда көлік жарығын қоспаған, 221 мыңнан астам жолаушылар тасымалының ережесі сақталмаған. 188 мың рет көлікті рұқсат етілмеген жерге қаңтарып қойған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде