Ақтөбе облысының мұнайшылары: Жалақыны көтермесе, жұмысқа шықпаймыз
Ақтөбе облысында мұнайшылар наразылыққа шықты. «КМК Мұнай» компаниясының жұмысшылары жалақысын жүз пайызға көтеруді сұрап етіп отыр. Егер талабы орындалмаса, жұмысқа шығудан бас тартпақшы. Ол үндеулерін президентке де жолдаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
25.01.2021
Жұмысшылардың жалақысы басқа мұнай өндіру компанияларымен салыстырғанда өте аз. Қазір пандемияның уақытында азық-түлік, комуналдық қызмет бірнеше есе қымбаттап кетті. Айлығымыз не несиемізді жабуға, не азық-түлігімізден артылмай отыр. Өзіңіз де білесіз, Ақтөбе облысының мұнайшылары ең төменгі жалақы алады. Біздің жалақымыз тіпті мұғалімдер, дәрігерлер мен зейнеткерлерден де төмен болып тұр. Осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз.
Мұнайшылар наразылыққа шығатынын облыс әкімі мен компания басшыларына екі апта бұрын ескерткен. Сол уақыттан бері тұщымды жауап алмапты. Шыдамы таусылған олар енді жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Айлығын жүз пайызға көтеріп, жұмысшылар жатақханасындағы жағдайды жақсартуды талап етеді. Онымен қоса «жұмыс беруші тарапынан қысым көрсетілмесе» деген сұранысы да бар. Мұнайшыларды сабырға шақыруға кен орны орналасқан Темір ауданына облыс әкімінің орынбасары бастаған топ кеткен. Олар комиссия құрып, нәтижесіне қатысты кейін мәлімдеме жасаймыз деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!