{metadescription}
Талғар ауданының әкімі парамен ұсталғаны рас па?
Талғар ауданының әкімі парамен ұсталғаны рас па?

Талғар ауданының әкімі парамен ұсталғаны рас па?

Алматы облысында Талғар ауданының әкімі парамен ұсталды. Ақпарат құралдары мұны кешелі бері жарыса жазып жатыр. Тек ресми орындар ғана үнсіз. Әкіммен бірге оның орынбасары мен бөлім басшысын қамады деген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі де, айыпталғандардың тікелей басшылары – Алматы облысының әкімдігі де ақпарат бермеді.

Бір қызығы, аудан әкімі ұсталарынан екі бұрын, яғни өткен жұма күні қызметінен кетті деген хабар тараған. Алайда Талғардың қоғам белсенділері аудан әкімін сенбі күні жиналысқа қатысқанын айтып, мұны да жоққа шығарды. Мәселенің мәнісін тілшіміз анықтап көрді.

Талай басшысы қатарынан жемқорлық былығына батқан Талғар аудандық әкімдігі тағы да елді елең еткізіп қойды. Кезекті құрықтауға қатысты түрлі қауесет желдей есіп тұр. Аудан әкімі Серікжан Ерекешевтің парамен ұсталғаны жайында ақпарат әлеуметтік желілерде кеше жарияланған болатын.

Бұған дейін Іле ауданында әкімнің орынбасары болған Ерекешев былтыр тамыз айында Талғар ауданының әкімі қызметіне тағайындалған. Өзіне дейінгілердің жемқорлық ісінен сабақ алмаған шенеуніктің әкімдік мансабы осылайша жарты жылға жетпей дауға ілігіп отыр. Әкіммен бірге оның орынбасары Ахмет Әшімахун мен тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің жетекшісі Асқар Шамаевтың ұсталғаны жайында да дерек бар. Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі лауазымды тұлғалардың қамауға алынғанын не растап, не жоққа шығарған жоқ. Құзырлы орган өкілдері қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. Ал екі күн бойы ресми ақпарат болмаған соң көпшіліктің көкейіндегі күдік көбейген. Өйткені Алматы облысының әкімдігі де ақты ақ, қараны қара деп айтпақ түгілі, еш мәлімет беретін емес.

Бір қызығы, Талғар ауданының әкімі ұсталды деген хабар тарай салысымен, оның екі күн бұрын, нақтысында қаңтардың 22-де жұмыстан кеткені айтылған. Алайда қазір әкімдіктің түрлі әлеуметтік желісінен өшірілген мына бейне кадрлар қаңтардың 23-де, яғни сенбі күні таспаланған. Мінберге жайғасқан әкімнің жүзінінен алаңдаушылық байқамалмайды. «Қызметінен босатылған шенеунік ертеңінде қалай төрде отыр? деген сұрақ туындайды. Бұл бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеген қоғам белсенділері де аң-таң.

Құндыз Хасанова, қоғам белсендісі:

-Сол күні облыстық мәслихаттың хатшысы жаңа депутаттарға мандат тапсырған. Қаңтардың 22-де жұмысынан босады делік, бірақ қаңтардың 23-і күні президиумда отыр ғой. Бұған қалай таң қалмайсың? Егер қонақ ретінде келсе, жұртпен бірге залдан төбе көрсетуі керек еді. Демек әкімнің мінберде отырғаны сол сәтте оның жұмысынан кетпегенін айғақтайды.  

Бүгін ұсталғандар арасында Талғар аудандық мәслихатының хатшысы да бар деген ақпарат тарады. Түрлі дереккөздерге орай құрықталғандардың саны 4 адамға жетті. Алайда «жел болмаса шөптің басы қимылдамайтынын» ескергеннен басқа әзірге ресми мәлімет жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде