ШҚО-да карантин күшейтілді
Шығыс Қазақстан облысында карантин күшейтіліп, санитарлық бекеттер қайтадан қойыла бастады.
Автор: Ұлан Нұрахмет
25.01.2021
ШҚО қазір «жасыл аймақта» тұр. Соған қарамастан облыстың бас санитар дәрігері шектеу шарасын 7-ақпанға дейін ұзарту туралы жаңа қаулы шығарды. Тіпті алты жерде санитарлық бекет орнатылды. Оның екеуі Павлодар облысының шекарасына қойылған. Өйткені Кереку өңірі коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша «қызыл аймаққа» жатады. Сондықтан Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Павлодарға бару үшін жергілікті әкімдіктен рұқсат алуы тиіс. Ал қолында рұқсат қағазы жоқтар санитарлық бекеттен өткізілмейді. «Осындай қатаң шектеу шаралары арқылы індеттің таралуын тоқтатамыз» - дейді мамандар.
Қанат Тұрдиев, ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі:
-Облыс бойынша өсім қарқыны биылғы жылдың 24 қаңтарында тәуілігіне 0,3 пайызды, аптасына орташа есеппен 0,2 пайызды құрады. Өскемен қаласы бойынша, 0,3 пайызды, Семей қаласы бойынша 0,3 пайызды құрағаны анықталды. Облыс бойынша репродуктивтік мән бірде нөлге тең.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!