Соңғы тәулікте ковид-19 мың жарымға тарта адамнан анықталған
Эпидемиологиялық ахуалы ушыққан Алматы "қызыл аймаққа» кірді. Осылайша қауіптің ең жоғары деңгейінде 2 қала мен 6 облыс тұр. Соңғы тәуліктің өзінде коронавирус мың жарымға тарта адамнан анықталған.
Автор: Салтанат Шырынхан
25.01.2021
Кейбір отандастарымыз бұл індетті шетелден жұқтырып келіп жатыр. Мәселен, екі күн бұрын Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып келген 4 отандасымыздың Covid-19-ға шалдыққаны белгілі болды.
Ал пандемия басталғалы вирустан ажал құшқандардың жалпы саны 2 жарым мыңға жуықтады. Оның 8-і кеше көз жұмған. Өткен тәулікте 3 адам пневмониядан бақилық болды.
Қазір індеттің таралуы бойынша "қызыл аймақта» Алматыдан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Қарағанды мен Алматы облысы қауіптің «сары» деңгейінде. Осыған дейін коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 178 мыңнан асса, пневмонияға 47 437 науқас шалдыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!