{metadescription}
Ковид вакцинасын салдырған адамда тұмаудың белгілері болуы мүмкін
Ковид вакцинасын салдырған адамда тұмаудың белгілері болуы мүмкін

Ковид вакцинасын салдырған адамда тұмаудың белгілері болуы мүмкін

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамда тұмаудың белгілері болуы мүмкін. Яғни дене қызуы көтеріліп, сырқаттанып, басы ауырады. Тіпті ине салған жері ауырсынып қызаруы да мүмкін. Дәрігерлер ковид-19-ға қарсы вакцина салдырудың қалай жүретінін және қандай әсері болуы мүмкін екенін түсіндірді.

Ал әлеуметтік сауалнама қорытындылары ел тұрғындары арасында вакциналауды қолдамайтындар аз емес екенін көрсетіп отыр.

Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенде өндіріліп жатқан ресейлік «Спутник V» вакцинасы айдың аяғына дейін еліміздің барлық өңіріне жеткізілуі тиіс. Сөйтіп ақпан айынан бастап 100 мың дәрігер сынақ ретінде екпені өзіне салдырады. Кейін бүкіл қазақстандық қабылдайды.

Дәрігерлердің айтуынша, вакцина келісімін берген әрі медициналық қарсы көрсеткіші жоқ адамға салынады. Жасы 18-ден асуы керек. Вакциналау екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде 0,1 мл доза салынады. Содан кейін, 21-күні екінші компонентпен жарты мл доза жасалады. Ал қандай жағдайда вакцина салуға болмайтынын дәрігер айтып береді.

Зарина Алтынбекова, Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары:

-Вакцина саны немесе осыған ұқсас компоненттері бар вакцинаны қандай да бір компонентке аса сезімтал, анамнезінде ауыр аллергия әсері бар, жіті инфекциялық және созылмалы инфекциялық емес ауруы бар, созылмалы ауруы өршіген кезде салынбайды. Жүкті әйелге және бала емізу кезеңінде салдыруға болмайды. Жасы 18-ге толмағандарға да салынбайды.  

Вакцина салдырғаннан соң әуелгі үш күн ішінде тұмауға ұқсас белгілері болуы мүмкін дейді дәрігерлер. Дене қызуы көтеріліп, сырқаттанып, басы ауруы мүмкін. Оған қоса ине салған жер ауырсынып, қызаруы да ықтимал. Дәл осы жайттар ел арасында түсінбеушілік тудырып отырған секілді.

BISAM талдау орталығы жүргізген әлеуметтік сауалнамаға қатысушылардың ішінде қазақстандықтардың жартысынан астамы вакциналауды  қолдайтынын білдіріпті. 28 пайызы қарсы болған. Әлі де бір шешімге келе алмай жүргендері – 16 пайыз. Ал әлемнің 47 елі қатысқан сауалнамада респонденттердің 67 пайызы оң бағалаған. Оның ішінде Вьетнам, Корея, Тайианд, Үндістан мен Малайзия секілді Азия елдерінің халқы қатты қолдайды екен. Ал қарсылары 26 пайыз болса, әлі нақты шешім жасамағандары – 7 пайыз.

Келер айдан басталатын елді жаппай вакциналау науқаны тегін жүргізіледі. Егер екпе салдырғысы келмесе, әр адам жазбаша түрде бас тартуға құқылы. Жоспар бойынша алдымен 100 мың дәрігер, онан соң ай сайын көбейтіле келе, жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандық қабылдауға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде