{metadescription}
Педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды – Маңғыстау облысы
Педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды – Маңғыстау облысы

Педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды – Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында бала зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жабық сот отырысында 37 жастағы азғынның кінәсі толық дәлелденген.

Жұртты дүрліктірген оқиға былтыр мамыр айында болған. Ішімдікке сылқия тойып алған азамат түнгі  үште көңілдесіне барады. Бірақ жалғызбасты әйелдің  үйінде тек 10 жастағы қызы болған. Азғын ешкім жоқтығын пайдаланып қорғансыз қызды ұрып-соғып, зорлап кеткен. Сотта қылмысы толық дәлелденіпті. Сондықтан судья қылмыстың ауырлығы мен қоғамға қауіптілігін ескере отырып, педофилді өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Гаухар Нұрханова, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-Аталған қылмыстық іс ауыр санатқа жататындықтан және қоғамға қауіптілігі ескеріліп, сот үкімімен сотталушы аталған баптармен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.