{metadescription}
ҰБТ толық электронды форматта өткізіледі
ҰБТ толық электронды форматта өткізіледі

ҰБТ толық электронды форматта өткізіледі

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу толық электронды форматта өтеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Ал қоғам талқысында жүрген бастаманың қыр-сырын түсіндірген Ұлттық тестілеу орталығы жаңа формат оқушыларға тамаша мүмкіндік деп сендірді.

2019 жылдан бері ұстаздар қауымы компьютер арқылы сыннан өтсе, былтырдан бастап магистранттар кешенді тестілеуді жаңа форматпен тапсырған. Ендігі кезек оқушыларға жетіп отыр. Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, жаңа үлгіде бақ сынауға оқушылар мамандандырылған тестілеу орталығындағы компьютерді қолданады. Сол мақсатта наурыз айынан бастап ҰБТ тапсыратын 56 орталық іске кіріседі. «Ақпараттық қауіпсіздік мәселесін қатаң сақтаймыз» деген орталық электронды формат заман талабы әрі оқушыларға ыңғайлы дейді. Өйткені жаңа талапқа сай тест тапсырудың нақты күні белгіленбейді екен. Оқушы үш ай аралығында өзіне ығайлы уақытта барып сыннан өтеді. Тіпті талапкердің екі рет тест тапсыруға мүмкіндігі бар. Соның нәтижесінде ең жақсы көрсеткішін жоғары оқу орындарындағы байқауға жібере алады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде