{metadescription}
Ұлттық банк төрағасы экономиканың оңалатын мерзімін атады
Ұлттық банк төрағасы экономиканың оңалатын мерзімін атады

Ұлттық банк төрағасы экономиканың оңалатын мерзімін атады

Пандемияның ішкі экономикаға тигізген зияны – орасан. Былтыр елімізде жалпы ішкі өнім көлемі 2,6 пайызға қысқарған. Осылай деген Ұлттық банк төрағасы экономиканың оңалатын мерзімін атады.

Ерболат Досаевтың болжамы бойынша, 2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап елдегі қаржылық жағдай оң нәтиже көрсете бастайды. Алайда бәрі мұнай бағасына байланысты. Оптимистік болжам жасаған бас банкир қара алтынның әлемдік нарықтағы құны барреліне 45 долларды құраса, жыл соңында өсім 4 пайызға жетуі мүмкін дейді. Ұлттық банктегілер осы жылы инфляцияны 7 жарым пайыздық деңгейінен 4-6 пайыз аралығындағы нысаналы дәлізге қайтару міндетін қойып отыр.

Коронавирус инфекциясы тек Қазақстан емес, бүкіл әлемнің қаржылық жағдайына кері әсер етті. Былтыр әлемдік экономика шамамен 4 жарым пайызға құлдыраған.

Ерболат Досаев, Ұлттық банк төрағасы:

-Ұлттық банктің болжамына сәйкес, 2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап Қазақстан экономикасы оң бағытқа шығады. Жыл соңында мұнай бағасы барреліне 45 доллар болған жағдайда өсім 3,7-4% аралығындағы деңгейінде болады деп күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде