{metadescription}
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 18 науқас өлді
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 18 науқас өлді

Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 18 науқас өлді

Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 18 науқас ажал құшты. Бұған қоса соңғы тәулікте 1300-ге тарта адам аталмыш диагнозбен  тіркелген.

Әсіресе «қызыл аймақтағы» өңірлерде індеттің таралу қарқыны қатты. Мәселен, Ақмола облысында соңғы тәулікте 215 адам коронавирус жұқтырған.

Павлодарда да 200-ге тарта науқас тіркелді. Қазір екі мен алты облыс қауіптің «қызыл» деңгейінде тұр. «Сары аймақта» Қарағанды облысы ғана қалды. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

Ресми мәлімет бойынша, осыған дейін елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 180 мыңға жуықтап қалды. Екі жарым мыңдай адам аталмыш індеттен көз жұмған. Ал пневмонияға 47 мың 445 адам шалдығып, 558-і қайтыс болды. Дәл қазір елімізде 27 мыңнан аса адам covid-19-дан емделіп жатыр. Оның ішінде 47 науқас ауыр халде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.