{metadescription}
Трактор айдаған  8 және 9 жасар баланың ата-анасы хаттама толтырды
Трактор айдаған  8 және 9 жасар баланың ата-анасы хаттама толтырды

Трактор айдаған 8 және 9 жасар баланың ата-анасы хаттама толтырды

Маңғыстау облысында трактор тізгіндеген екі баланың ата-анасына хаттама  толтырылды. 8 және 9 жастағы мектеп оқушылары ауыр техниканы ауыл арасында айдап жүргенде ұсталған.

-Жылдамдыққа қойдың ба?

-Жылдамдықта тұр. Тәте, ГАИ ұстап алды. Тәте кілтті алып алды.

-Телефонмен сөйлеспеймін деп тұр. Үйге жаяу барыңдар дейді.

 

Бұл оқиға былтыр қазан айында Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылында болған. Бірақ әлеуметтік желілерге енді тарап жатыр. Онда ересек адамның өзі басқара алмайтын алып техниканы қаршадай балалар зуылдатып жүргенде полицейлер ұстап алыпты. Сонда да саспайтын балақайлар  ағасына хабарласып, тәртіп сақшыларымен тілдесуін өтінген.  Бірақ жол сақшылары оған келіспей, көліктің кілтін алып қояды. Бойы жетпесе де ауыр техниканы ұршықша иірген болашақ шопырлар  ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқ. Есесіне олардың ата-аналарына хаттама толтырылған.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің бастығы:

-Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы және 128-бабымен әкімшілік хаттама толтырды. Іс материалдары Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бөліміне берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде