{metadescription}
Баланы шетелдік мектепте қашықтан оқытуға тыйым салынды
Баланы шетелдік мектепте қашықтан оқытуға тыйым салынды

Баланы шетелдік мектепте қашықтан оқытуға тыйым салынды

Шетелде қашықтан оқып жүрген қазақстандық оқушылар отандық мектепке қайтарылуға тиіс. Карантинді ұтымды пайдаланған көптеген ата-ана баласын түрлі шетелдік оқу орындарына ауыстырып жіберіпті. Білімді сыртта іздеушілердің күрт көбеюіне байланысты биліктегілер дереу шектеу енгізді.

1-қаңтардан бастап күшіне енген құжат қазақстандықтарға баласын шетелдік мектепте қашықтан оқытуға тыйым салады. Заңдағы өзгерту азаматтар балаларын тек отандық орта білім орындарында ғана оқытуы тиіс делінген. Халықаралық мектептерді таңдауына болады, тек егер ол білім ордасы Қазақстан аумағында орналасқан жағдайда. Заңдағы өзгертудің шетелде тұрып жатқан отбасыларға ғана қатысы жоқ. Соңғы деректерге сәйкес, отандық мектептер қашықтан оқуға ауысқан сәттен көптеген ата-ананың таңдауы Ресей, Еуропа, тіпті мұхиттың арғы бетіндегі оқу орындарына ауысқан.

Гүлнар Ермекбаева, Алматы қаласы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы:

-Әсіресе Алматы қаласында мұндай жағдайлар жиілеп кетті. Ол заңға қайшы. Ата-аналар, балалардың өзге де заңды өкілдері Қазақстанда тұрып жатқан соң, орта білімді елде алуы тиіс. Себебі ол балалар Қазақстан азаматы болып табылады. Бұл жайт Конституцияға да кереғар. Сондықтан ата-аналар баласын отандық мектепке беруге міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде