Александр Милютин: Қазақстандықтарды 60 жасында зейнетке шығару керек
Қазақстандықтарды 60 жасында зейнетке шығару керек. Әрі бұл талап жынысына қарамауы тиіс. Мәжілістегі Қазақстан халық партиясының депутаттары бұл мәселені тағы көтерді.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
27.01.2021
Александр Милютин, Мәжіліс депутаты:
-Біздің пайымға салсақ, қазіргі зейнетақы жүйесін түбегейлі өзгерту керек. Неге? Өйткені көптеген қазақстандықтардың жалақысы мардымсыз болған соң, зейнетақы қорында да жеткілікті сома жоқ. Сондықтан зейнетке шығу жасын төмендетумен қоса, жылдағы мөлшерін бағаның өсіміне орай көтеріп отырған жөн.
Халық партиясының өкілдері Қазақстанның еңбек нарығындағы ахуалмен күресеміз дейді. Әсіресе жастар жағы жұмыссыз сандалып жүргенде, зейнет жасын жыл сайын ұлғайту еш қисынғы келмейді дейді мәжілісмен Милютин. Ал ең төменгі зейнетақы мөлшері орташа айлық көлемімен тең болғаны жөн. Оның өзінде жылдағы айлық көлемінің артып отыратыны ескерілуі шарт. Депутаттың айтуынша, пандемия уақытында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар 17 миллард теңгеге кем түскен. Ал дерттің соққысы әлі алда екенін ескерсек, зейнетақы аударымдарының көлемі бұдан да кеми түсуі әбден мүмкін.
Зейнет жасын кемітуді қазіргі Халық, бұрынғы коммунистр партиясының депутаттары былтыр да көтерген болатын. Ол кезде еңбек министрлігі 60 жасқа дейін төмендетуге «еш негіз жоқ» деген болатын. Бұл жолғы жауаптары да соған саяды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!