Covid-19 вакцинасына бюджеттен қанша қаржы бөлінді?
Covid-19-ға қарсы салынатын вакцина барлық қазақстандыққа тегін болады. Оған бюджеттен 50 миллард бөлінген. Қазақстанда жаппай вакцинациялау ақпан айынан басталады.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
27.01.2021
Келесі айда ресейлік вакцинаның 90 мың, наурызда 150 мың дозасы әкелінеді. Одан кейін ресейлік екпе Қарағандыда өндіріледі. Жалпы "Спутник ВИ" вакцинасына бюджеттен 16 миллиард теңге бөлінген. Ал 10 миллион қазақстандықты екпемен қамтуға қазынадан 50 миллард теңге қарастырылыпты.
Бірінші кезеңде санитар дәрігерлер мен инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем сияқты медицианлық мекеме қызметкерлері егіледі. Барлық вакцина қабылдаған азаматтарға электронды паспорт рәсімделеді. Ал наурыздың соңына қарай тіркеліп, өндірісі басталуы тиіс QazCovid-In вакцинасын қазақстандық шенеуніктердің басым көшілігі күтіп жүр. Олардың арасында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да бар.
Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:
-Тұрғындардың негізгі бөлігін вакциналау сәуірде басталады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында екпе тегін болады. Бұл кезеңде бүкіл елде вакциналау мемлекет қаражатына жасалады деп жоспарланып отыр. Тиісті қаражат мемлекет резервінен алынады, бұл шығын есептелді, яғни вакцина халыққа тегін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!