Шекараны қорғаудың орнына мал ұрлаған – Шымкент
Шекараны қорғаудың орнына мал торыған. Шымкентте мал ұрлады деген күдікпен ұсталған әскерилер сот алдында жауап бере бастады. Онлайн форматта өткізіліп жатқан сотта алты күдіктінің екеуі – әскери қызметкер.
Автор: Бек Әбиев
27.01.2021
Сарыағаштағы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты «Дархан» шекара заставасының қызметкері мен «Сарығаш» шекара қызметінің бақылаушысы тағы төрт серігімен жеті сиыр, үш қой мен бір жылқыны барымталады деп айыпталып отыр. Прокурордың айтуынша, қылмыс былтыр шілде айында басталған. Алты адамнан құралған қылмыстық топ негізінен Келес ауданында жайылып жүрген малды айдап қана қоймай, қорада тұрған төрт түлікке де ауыз салған. Қарапайым жұртқа келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңгеден асады. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!