Menin Armanym ауыр дертке шалдықққан 13 балаға қуаныш сыйлады
Армандар орындалады! Елімізде «Менің арманым» қайырымдылық қоры үш айда ауыр дертке шалдықққан 13 балаға қуаныш сыйлады. Ұйым өкілдері мұнымен тоқтамай, еліміздің түкпір-түкпіріндегі кішкентай науқастардың тілегін жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
27.01.2021
Қазақстанда жазылмас ауруға душар болған мыңдаған бала бар. Олардың арасында жарық дүниемен қоштасуына санаулы жыл, тіпті санаулы ай қалғаны қаншама. Қордың басты мақсаты – аурумен арпалысып жатқан бүлдіршіндердің арманын көзі тірісінде орындау. Ұйымға бүгінгі күнге дейін ата-аналардан жүзден астам өтініш түсіпті. Аталған ұйым демеуші мен көпшілік жинаған қаражат есебінен жұмыс істейді.
Шәміл Ванкеев, «Menin Armanym» қорының атқарушы директоры:
-Ауруға шалдыққан балалардың емделуіне ақша жұмсамаймыз. Біз шынымен жүрегі қалаған балалық арманын орындайтын корпоративтік қормыз. Сәуірдің соңына дейін 15 облыста өз ің филиалымызды ашу ойымызда бар. Сол жерде қордың супервайзерлері жұмыс істейді. Біз тек Алматының ғана емес, бүкіл Қазақстандағы балалардың арманын орындаймыз.
Сырқат балаларға жақсы көңіл-күй сыйлаймын деген азаматтар menin-armanym.kz сайтына кіріп, көмек қолын соза алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!