{metadescription}
Маңғыстау облысындағы құмды дауыл көлік қозғалысын қиындатты
Маңғыстау облысындағы құмды дауыл көлік қозғалысын қиындатты

Маңғыстау облысындағы құмды дауыл көлік қозғалысын қиындатты

Маңғыстау облысында қаңтарда құмды дауыл соқты. Салдарынан көпқабатты үйдің шатыры ұшып, жолда көлік қозғалысы қиындаған.

Табиғаттың тосын мінезінен «Жетібай-Шетпе» тас жолында көлік қозғалысы қиындаған. Өйткені шаң-тозаңнан ештеңе көрінбеген. Сағатына 23 метр секунд жылдамдықпен соққан күшті желдің кесірінен Жаңөзенде төрт қабатты үйдің шатыры  ұшып кеткен.

Бекболат Әбдіқадыров, Маңғыстау облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

-Барлық автокөліктерге облыстық Шетпе-Жетібай жол қозғалысы да жабылды. Ол 645 пен 705 шақырым арасында. Қолайсыз табиғи жағдайларға байланысты тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс жасауда және апаттық ақау тіркелген жоқ.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде