{metadescription}

Алматыда перзентхана жабылғалы жатыр

Алматыда перзентхана жабылғалы жатыр. Осылай дабыл қаққан №1 қалалық клиникалық аурухана жанындағы перзентхана қызметкерлері араша сұрайды. Олардың айтуынша, бұл мекеме ақпан айынан бастап жұмысын тоқтатып, соның кесірінен 100-ден астам қызметкер жұмыссыз қалған.

Ал аурухана басшылығы санитарлық талапқа сай. бұдан былай босануға келген аналар қабылданбайтынын, бірақ перзентхана жұмысын жалғастыра беретінін айтады.

Қалқамандағы №1 қалалық клиникалық аурухана құрамындағы перзентханада кешеден бері береке қашқан. Алаңсыз жұмысын атқарған мамандарды қоғамдық денсаулық басқармасының бұйрығы бір сәтте әуре-сарсаңға салыпты. Себебі, санаулы күн қалғанда перзентхананың жабылатынын естіген 100-ден астам қызметкердің басшылыққа өкпесі қара қазандай.

Шолпан Оспанова, перзентхана қызметкері:

-1-ақпаннан бастап толық жабылады деп жатыр. Ешкім бізге ештеңе түсіндірген жоқ. Бұйрық 25-де шығып қойған дейді, бізге ештеңе деп айтпады. Алдын ала қызметкерлерге айту керек қой, біз дайын болатын едік. Енді қыс көзі қырауда қайда барамыз? Кредитіміз бар, бала-шағамыз бар.

Гауһар Аманбекова, перзентхана қызметкері:

-Менің істеп жатқаныма 14 жыл болды. Жас маман саналамын. Менен бөлек 35 жыл істеген, зейнетке шығайын деп жатқандар қайда барады? Әлі күнге дейін қабылдап жатырмыз. Біз бас тартып жатқан жоқпыз, жұмыс істемейміз деген жоқпыз. Толығымен себібін, не үшін жабылғанын айтып берсін. Бізге жұмыс табыла ма?

«Перзентхана жұмысын тоқтатса, күнкөрістен қағыламыз» деп шу көтергендер аяқ астынан қабылданған шешімнің астарын түсінбей әлек. Алайда аурухана ауласындағы айқайдан соң қызметкерлермен жолыққан басшы жағдайды перзентхана меңгерушісіне «алдын ала айттым» деп ақталды. Ал ушыққан істі пандемиямен байланыстырған сенімгерлік басқарушы  санитариялық-эпидемиологиялық басқарманың тексеруінен соң,  аурухананың желдету жүйесі талапқа сай еместігі анықталды дейді.

Эрнест Қалиев, «№1 қалалық клиникалық ауруханасы» ШҚЖ МКК сенімгерлік басқарушы:

-Сол себепті Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы бұйрық шығарды. Бұдан былай босануға әйелдер басқа перзентханаларға жіберіледі. Кадр жағына келсек, медициналық көмек көлемін сол жаққа жібергендіктен, қаржы мен мамандардың бір бөлігі аталған перзентханаға кетеді. Бірақ біздің перзентхана жұмысын жалғастыра береді. Тек жоспарлы емдеуге жатқызу немесе денсаулығын оңалту бағытында жұмыс істейміз

Эрнест Қалиевтің айтуынша, перзентханада қалатын қызметкердің бірде-бірі жұмыстан кетпейді. Себебі орталықта медбике мен санитарларға шаруа шаш етектен дейді басшы. Ал көңілдегі күдігі басылмаған шағымданушылардың мұндай байламға сенгісі жоқ.

Гауһар Аманбекова, перзентхана қызметкері:

-Ковид індеті басталғанда қалада перзентхана қиындығын ең бірінші біз алғанбыз. Ол кезде вентиляцияға қараған жоқ, жатты. Біз ешқайда қашқан жоқпыз. Ал қазір ешкімге керек болмай тұрмыз.

Ал қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы қызмектерлерге алдын ала ескерту мәселесі жұмыс берушінің жауапкершілігінде екенін айтады. Бірақ оларды жұмысқа орналастыру жағын екі жақты қарастырып жатырмыз дейді шенеуніктер. Өкінішке қарай, ауруханадағы күтпеген өзгерістің қанша уақытқа созылатыны жұмбақ. Демек араша сұраған қызметкерлердің әзірге әліптің артын бағуына тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

08 наурыз

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде