Елордада түнімен жұмыс істеген көңіл көтеру орындары әшкереленді
Қонақтарын асханадан кіргізген. Елордада карантин шектеулеріне қарамай түнімен жұмыс істеген көңіл көтеру орындары әшкере болды. Полиция мен әкімдік өкілдері және еріктілерден құралған бақылау тобы олардың үстінен түсті.
Автор: Ербол Тұрымбет
28.01.2021
Олар қулыққа басып алдыңғы есігін жауып тастаған. Ал келген адамды артқы есіктен кіргізіп, асхана арқылы ішкі залға өткізіп отырыпты. Келген қонақтары қалыпты кездегідей даңғаза әуенге елітіп, көл-көсір ішімдікке қарық болып отыр екен. Бақылау тобы сау етіп кіріп келгенде іштегілер тырп ете алмай қалды. Карантин тәртібін бұзатын кафелер ғана емес, лото, компьютер клубтары мен дүкендер де қалыспайды.
Соңғы екі тәулікте қалада 124 нысан тексеріліп, 14 тәртіп бұзушылық анықталған. Бәріне әкімшілік шара қолданылады. Карантин тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін сот шешімімен қалада 12 қоғамдық орын жұмысын тоқтатқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!