Көшенің қақ ортасында ерлі-зайыптылар жанжал шығарды – Ақтау
Ақтауда әңгімесі жараспаған жұбайлар жұрттың көзінше төбелесті. Ерлі-зайыптылар көшенің қақ ортасында жанжал шығарған.
Автор: Айман Нұрмағанбет
28.01.2021
Бақылау камерасына түсіп қалған видеодан 33 жастағы ер адамның әйелін күштеп көлігіне отырғызбақшы болғанын анық көрінеді. Өткен-кеткенге қарамай, жұбайын қуалай жөнелген жігітті бейтаныс біреу тоқтатқысы келген. Алайда ашуға булыққан ол оны да кеудесінен итеріп жібереді. Куәгерлердің айтуынша, әйелі елден көмек сұрап айқайлаған. Соған қарамастан, жұбайы оны ұрып-соғып алып кеткісі келіп жүр. Ерлі-зайыптылардың ерсі қылығын полицейлер тексеріп, бір-біріне шағымы жоқ екенін айтқан соң, істі жылы жауыпты.
Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
-Аталған факті бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері бейнежазбадағы тұлғалардың жеке басын анықтады. Түсініктеме алынды. Жеке өмірге қатысты болғандықтан егжей-тегжей мәлімет жарияланбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!