{metadescription}
Қуат Хамитов: Халықтың әл-ауқатын көріп, үнсіз отыра алмаймын
Қуат Хамитов: Халықтың әл-ауқатын көріп, үнсіз отыра алмаймын

Қуат Хамитов: Халықтың әл-ауқатын көріп, үнсіз отыра алмаймын

Жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа сот үкімі шықты. Әлеуметтік желіде дезинфекторларды ұрып-соғып, қарумен атуға шақырған спортшы 6 айға бас бостандығынан шектелді. Кінәсін толық мойындаған ММА файтері сот залынан шыға сала, саяси партия ашамын деп отыр.

«Спорттан саясатқа бет бұрамын» деген Хамитов осылайша халықтың мұң-мұқтажын жоғарыға жеткізуге кіріспекші.

«Дезинфекторларды ұрып-соғып, оларды қарумен атыңдар» деген атышулы үндеуінен кейін Қуат Хамитов ақыры жаза арқалады. Спортшы «билік өкілдеріне бағынбай, жаппай тәртіпсіздікке шақырды» деген айыппен 6 айға бас бостандығынан шектелді. Судья шешім шығарарда Хамитовтың кінәсін толық мойындағанын және бұрын сотты болмағанын ескеріпті.

Абай Жарылқасын, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

-Сот оны ҚК 272-бабының 3-бөлімі бойынша кінәлі деп тапты. Және оған тұрғылықты жерін, жұмысын өзгертпеу, оның тұрғылықты жеріндегі тәртібін жүзеге асыратын өкілетті мемлекеттік органға ескертусіз қаладан тыс жерлерге бармау туралы міндетті жүктей отырып, 6 ай бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Ал «Найман» лақап атымен танымал ММА файтері сот үкіміне қарсы шықпай, жазаны айыпталушы ретінде өтеймін деп отыр. Бірақ Қуат Хамитов халықтың әл-ауқатын көріп үнсіз отыра алмайтынын жеткізді. Сондықтан спорттан үлкен саясатқа бет бұрмақшы.

Қуат Хамитов, жекпе-жек шебері:

алық арасында мықты кісілер бар. Көптеген мәселелерді шешуде дұрыс ақыл-кеңесін айтады. Бірақ оны мемлекет естімейді. Бұл партия халықтың дауысын мемлекетке жеткізу үшін ашылатын партия.  Мен үшін ұлттың мүддесі, ұлт проблемасы, болып жатқан жағдайлар менің спортымнан да, арманымнан да биік тұрады деп ойлаймын. Өйткені халықтың тұрмысы төмен болса, олардың спортты бақылауға да мұршасы болмайды

Бір апта бұрын Қуат Хамитов Ресейдің белді тұжырымы Fight Nights турнирінде өнер көрсетіп, қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірген. Жарқын жеңісімен жанкүйерлерін қуантқан Қуат Хамитов енді жарты жыл бойы айқас алаңына шыға алмайды. Алайда жекпе-жек шебері бұл уақытты жаттығуға емес, жаңа партияның жоспарын құруға арнаймын деп құлшынып отыр. Хамитовтың кезекті мәлімдемесі жай хайп па? Оны енді уақыт көрсетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде