{metadescription}
1-қаңтарға дейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе құрылады
1-қаңтарға дейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе құрылады

1-қаңтарға дейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе құрылады

Нотариустар куәландырған құжаттар қағаз жүзінде де, электронды түрде де заңды күшке ие болады. Бүгін сенаторлар қабылдаған заңға сәйкес, Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе құру көзделіп отыр. Базада нотариустар жасаған құжаттар, мәліметтер сақталады.

Ләззат Сүлеймен, Сенат депутаты:

-Басты мәселе – цифрландыру. Құжаттардың электронды нысанда сақталуын, есепке алынуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етететін электрондық жүйе (репозитарий) құру көзделіп отыр. Бұл жерде, заң жобасы қағаздағы құжат пен электронды құжаттың тең мәнділігін куәландыруды қамтамасыз етуді де міндеттелген. Нотариаттық құжатқа QR-код беріледі, осы негізде сақталады, түпнұсқалығы расталады.

Дегенмен Сенат депутаттары электронды нотариус жүйесіндегі деректер қолды болып кете ме деп қорқады. Өйткені елде интернет әлсіз. Сондықтан жоғары палата мүшелері ақпараттық қауіпсіздік пен құжаттардың қорғалуын Әділет және Ішкі істер министрліктері, салық, банк, республикалық нотариустар палатасындағылар шешуі керек дейді.

Бүгін қабылдаған заң бойынша Қазақстандағы нотариустар енді ақылы негізде құқықтық кеңес бере алады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.