{metadescription}
Андрей Лукин: Елдегі ломбардтардың айналасы былыққа толы
Андрей Лукин: Елдегі ломбардтардың айналасы былыққа толы

Андрей Лукин: Елдегі ломбардтардың айналасы былыққа толы

Қазақстандағы ломбардтардың айналасы былыққа толы. Сенаторлар қаржы ұйымдарының жұмысына қатысты олқылықтарды ретке келтіруді талап етіп отыр. Депутаттардың сөзінше, ломбард және микроқаржы ұйымдары салықтан жалтарып қана қоймай, қарыз алушыларға пайыздық мөлшерлемелерді бірнеше есе арттырады.

Андрей Лукин барлық ескертпесін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жеткізді. Депутаттың айтуынша ломбардтар жүгенсіз кеткен. Олар бүгінде өз жұмысын бастағаны туралы мемлекеттік органдарға ескертпеуге құқылы екен. Қызметін бақылайтын агенттіктен қайыр жоқ. Ломбардтарды тексеру мүмкіндігі болмағандықтан оларға қатысты қандай да бір әкімшілік шара қолдану мүмкін емес. Сол себепті елде түрлі қаржы пирамидалары қаптап кеткен. Қазақстанда жекелеген қаржы ұйымдарының арбауына 17 мыңдай азамат түскен. Сондықтан Лукин қаржы ұйымдарының қызметін бақылау үшін бірыңғай ақпараттық жүйе қалыптастырудың маңызы зор деп есептейді.

Андрей Лукин, Сенат депутаты:

-Осыған дейінгі заңнамаларға жүргізілген мониторинг нәтижесінде өкілетті органдар қабылдаған бірқатар айтарлықтай жеңілдік ломбардтардың тиісті органдар тарапынан бақылаусыз жұмыс істеуіне әкеліп соқтырған. Қазір қалыптасып отырған жағдайдың да басты себебі осы. Енді бізге кепілге қойылған мүлікті оның иесіне автоматты түрде ескерте отырып, жария сауда өткізетін платформа қажет. Тіркелмеген барлық ломбард заңды түрде қайтадан құрылуға немесе мүлдем жабылуға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.