{metadescription}
Жаңа латын әліпбиінің пернетақтаға орналастыру үлгісі дайындалды
Жаңа латын әліпбиінің пернетақтаға орналастыру үлгісі дайындалды

Жаңа латын әліпбиінің пернетақтаға орналастыру үлгісі дайындалды

Қазақ әліпбиі латын графикасының жаңа нұсқасы таныстырылды. Ұлттық комиссия мүшелері аталмыш нұсқа көпшіліктің көңілінен шығып бекітіледі деген сенімде. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

ілтанушы ғалымдар халықаралық тәжірибені зерттеп, жаңа әліпбидің ғылыми негізін және қазақ тілінің еміле ережелерін жасап шықты. Латын әліпбиінің пернетақтаға орналастыру үлгісі дайындалды. Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына серпін береді. Оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді.

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жұмысы 2017 жылы басталған. Ал 2019 жылы қазан айында президент латын графикасына негізделген әліпбиді жетілдіру жайында тапсырма берген. Содан бері алфавиттің 40-тан астам нұсқасы талданып, талқыланды. Бүгін ұсынылған нұсқа «бір әріп – бір дыбыс» принципіне толық жауап береді.

Қазақ тілінің ә, ғ, ң, ө, ұ, ү сынды төл дыбыстары мен ш әрпін таңбалауда диакритикалық таңба қолданылады. Ал C, X, W, таңбалары шетел тіліндегі цитаталарда қолданылады.

Жетілдірілген әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.

Ал жаңа нұсқаның өзі жалпы 31 латын таңбасынан тұрады. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр.

Ерлан Сыдықов, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры:

-Қоғамда талас тудырған қайсыбір әріптер әбден жетілдіріліп, көз, бейне, жад салыстыру қалпында салынып, жан-жақты талданды. Тілші ғалымдар, тәжірибелі оқытушы, мұғалімдер қауімі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек» деген тапсырмасының үдесінен шықты деуге негіз бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде