{metadescription}
Қарағанды облысы коронавирус вакцинасын егуге дайын
Қарағанды облысы коронавирус вакцинасын егуге дайын

Қарағанды облысы коронавирус вакцинасын егуге дайын

Қарағанды облысында коронавирусқа қарсы вакцина егетін 115 кабинет ашылды. Әр бөлмеге вакцина сақтайтын арнайы тоңазытқыштар қойылып, оны тасымалдайтын 125 термоконтейнер алыныпты. Бұған облыс бюджетінен 180 миллион теңге жұмсалған. Мамандар келесі дүйсенбіден басталатын үміт пен күдігі аралас науқанға сақадай-саймыз дейді.   

 

-Әр адамның организмі әртүрлі. Қандай да бір препарат қабылдауға әр түрлі әсер беретіні белгілі. Инсульт, жүрек ауруындағы белгілері бар...

Вакцина салдырған адамда қандай реакция боларын әзірге дәрігерлердің өзі де білмейді. Сондықтан екпе кабинеттері жедел медициналық көмек көрсететін бөлмеге жақын орналасуы шарт. Жағдайы күрт қиындаса,  жансақтау бөлімінде қолданатын құрылғылар мен дәрі дәрмек дайындалған. Ал екпе кабинеттерінде орнатылған бейнекамера арқылы адамға вакцина салу жұмысы бақыланып, жазылып отырады.  Бір қабинетте күніне 60 адамға вакцина салынады деп жоспарлануда. Бірінші кезеңде 1500 адамға ресейлік екпе салу көзделген. Кейін америкалық және отандық вакциналар да қосылады. Ең бірінші короновирусқа қарсы вакцина дәрігерлерге егіледі.

Бибігүл Төлегенова, Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық қызметінің жетекшісі:

-Өзім егілемін, одан басқа жолдасым бар, туысқандарыма да айттым. Бізде жазда адам көп ауырды, көп отбасы осы індетпен ауырды.Иммунитет 6-8 айға дейін жұмыс істейді. Қазір ақпан айында, наурыз айында ауырғандардың иммунитеті төмендейді, Облысымызда ауру бомау үшін осы кісілерге вакцина егілсін деп айтқым келеді.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.