{metadescription}
Коронавирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар көбейіп барады
Коронавирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар көбейіп барады

Коронавирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар көбейіп барады

Қауіпті індетті жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандардың саны көбейіп жатыр. Соңғы тәулікте 16 адам өлген. Оның бесеуі қос өкпесі қабынып қайтыс болған. Осылайша елімізде Covid-19-дан ажал құшқандардың жалпы саны 2521-ге, ал коронавирус пневмониясынан көз жұмғандар 564-ке жетті.

Бір күнде тағы 1413 отандасымыздан ауру анықталып, 83 адамның сынамасы қос өкпесінің қабынғанын көрсеткен. Ал аймақтағы ахуал бойынша қызыл деңгейде тұрған Павлодар облысы көш басында. Мұнда бір түнде 229 тұрғын коронавируспен тіркеліпті. Ал екінші орындағы Ақмола облысында қауіпті кеселдің құрығына 209 науқас іліккен. Қазір індеттің ең қауіпті «қызыл» аймағында 2 қала мен 6 облыс бар. Ал «Сары жолақта» Қарағанды облысы тұр. Айта кетейік, елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 182 мыңнан асты. Оның 165 мыңға жуығы дертті жеңіп шықты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде