{metadescription}
Тұрғындардың тынышын қашырған құрылыс – Алматы
Тұрғындардың тынышын қашырған құрылыс – Алматы

Тұрғындардың тынышын қашырған құрылыс – Алматы

Алматыда тұрғындар үйінің тап іргесінен бой көтергелі жатқан жаңа оқу орталығының құрылысына қарсы шықты. Олар еш ескертусіз дәнекерлеу жұмысының басталып кеткеніне ашулы. Өйткені қоршау мен көпқабатты пәтерлердің арасы тіпті бір метрді де құрамайды.

Соның салдарынан іргетасы жарылып зардабы тиіп жатыр екен. Баспанасына алаңдаған жұрт «құрылысқа рұқсат бермейміз» деп отыр. Ал құзырлы орындар барлығы заңды екенін алға тартуда.

Алматыда тұрғындар мен кәсіпкердің жүздесуі үлкен жанжалға ұласа жаздады. Өйткені құрылыс иесі тұрғын үйлердің арасындағы алақандай аумаққа оқу орталығын тұрғызбақ. Бұған түбегейлі қарсы болған тұрғындар оны баспанасына тақап салдырмаймыз деп отыр. Солардың бірі Жібек Құлыбекова құрылыс басталғалы үйіміз күн сайын жер сілкінгендей қозғалатын болды дейді.

Жібек Құлыбекова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Халыққа бұның бәрі зиян. Балаларымыз ойнай алмайды, жүре алмайды. Аялдамаға барған жерлер қайда барады, апыр-топыр қылып жатыр.Өтіп бара жатқанда тарсылдап естіледі. Осы үйде тұратындардың барлығы құлап қалмасақ деп отыр. Үйіміз жақында құлайтын шығар, өзі әрең тұрған үйлер.

Тұрғындардың тынышын қашырған құрылыс. Алғашқы жұмыс бір апта бұрын басталыпты. Жиналғандар кешеннің іргетасын қалағанда негізгі талаптың сақталмағанын айтады – үйдің ара қашықтығы 3 метрге де жетпейді. Сонымен қатар көпшілікпен ешкім кеңеспепті. Оған қоса жұрт осындағы жасыл желектің түгел қырқылғанына қапалы. Орталықты үйлеріне тақап салуға жауапты органдардың қалай рұқсат бергеніне аң-таң.

Болатхан Танабеков, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бәр жерге шөктіреді, іргетасы сөгіледі. Тап іргетасының үстіне шығып тұр. Заң бойынша салдыруға болмайды. Ешқандай жағдай жоқ. Әмбе көп қабатты салмақшы. Мына жерге өзіміз ағаш еккенбіз, ағаштың бәрін қиып тастады. Шамамен 20 шақты ағаш.  

Ал төрт қабатты оқу орталығын саламын деп бекінген кәсіпкер барлық құжаттың заңды екенін айтып, «даурығуға негіз жоқ» дейді. Десе де құрылыс ішін көпшілікке көрсетуден бас тартты.

Ұлықбек Юсупов, құрылысқа тапсырыс берушінің заңды өкілі:

-Бұл кезінде Жандосов көшесінің кеңейтілуіне байланысты жол жерде тұрған біздің жеке меншік жеріміз және дүкеніміз мәжбүрлі түрде сүрілген. Соның орнына қарымақы ретінде бұл жер бізге берілді. Сол жерге біз бас жоспар бойынша ғимарат салуға толық құжатымыз бар. Құрылыс бастауымызға рұқсат бар. Бар құжаттарымыз болса, неге салмасқа? Саламыз.

Құрылысқа тапсырыс берушінің қаншалықты шындыққа жанасатынын білу үшін жауапты мамандарға жүгіндік. Қала құрылысын бақылау басқармасы да кәсіпкер жерді заңды иелік етіп отырғанын растады. Сондықтан тұрғындар тағы құрылысқа қарсы болса, нысан иесінің сотқа шағымдана алатынын айтады. Осылайша тараптардың тартысына нүкте қойылмайтын түрі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде