{metadescription}
 «Қара бүркіт» түрмесінің бұрынғы басшысы сотталды
 «Қара бүркіт» түрмесінің бұрынғы басшысы сотталды

«Қара бүркіт» түрмесінің бұрынғы басшысы сотталды

Қостанай облысындағы  «Қара бүркіт» аталып кеткен түрменің бұрынғы басшысына сот үкімі шықты. Сотталушыдан 700 мың теңге пара алды деп айыпталған Арман Әбілев енді өзі де 8 жарым жылын темір торда өткізеді.

Әбілев ең ауыр қылмыс жасап ұзақ мерзімге жаза арқалағандар отыратын түрмедегі жазасын өтеушіге қамқорлық жасағаны үшін ақша алған. Сондықтан былтыр тамыз айында қамауға алынған еді. Арман Әбілев келісілген 1 млн. теңгенің 700 мыңын ғана алып үлгерген. Кейін оны қайтарып беріпті. Сотта «Қара бүркіттің» бұрынғы бастығы өзіне тағылған айыпты толық мойындап әрі осы ісі үшін өкінетінін жеткізген. Енді ол 8 жарым жылға сотталып қана қоймай, өмір бойына мемлекеттік және құқық қорғау саласында қызмет ете алмайды. Әрі подполковник шенінен де айырылды.

Жітіқарадағы «Қара бүркіт» түрмесінде өмір бойына бас бостандығынан айырылған аса қауіпті қылмыскерлер жазасын өтейді. Олардың арасында Арқанкергенде қаруластарын қырып салған Владислав Челах пен алматылық лаңкес Руслан Күлікбаев бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.