{metadescription}
Алматы жастары жалдамалы пәтеріне кіре алмай жүр
Алматы жастары жалдамалы пәтеріне кіре алмай жүр

Алматы жастары жалдамалы пәтеріне кіре алмай жүр

Алматыда 300-ден аса жас азамат жалдамалы пәтерлеріне кіре алмай жүр. Оларға әкімдік ұйымдастырған «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша тұрғын үй жалға берілуі тиіс болған. Бірақ айтылған уәде орындалмай, жаңа жылға дейін баспанасына қол жеткізе алмағандар ашуға булығып, наразылық білдірді. Құзырлы орындардың құрғақ уәдесінен мезі болдық дегендер амалдарының қалмағанын айтуда. 

Бүгін «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспаналарын талап еткен азаматтар Тұрғын үй саясаты басқармасы алдына жиналып наразылық білдірді. Олардың бар қалауы – байқаудан жеңіп алған пәтерлеріне орналасу. Өйткені желтоқсан айында берілуі қажет үйдің кілті әлі күнге дейін табысталмаған. Бұған қоса, жас отбасылар үнемі мардымды жауап ала алмай жүргенін айтады.

Айдана Шарғынова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Конкурстан өткізгеннен кейін он бес күн ішінде заң бойынша шартқа қол қойып беру керек болатын. Он бес күннен кейін хабарластық, жаңа жылдан кейін береміз деп айтты. Жаңа жылдан кейін хабарлассақ, тамызда немесе тоқсанда деп айтады. Бізді екі ортада жүгіртіп қойды.

 

Абылай Бақытов, Алматы қаласының тұрғыны:

-Сол кезде 150 адамға үйді бөліп береміз деп айтқан. Қаңтардың аяғы болды, әлі үй берген жоқ. үй береді дегенге сеніп, жалғ,а алған пәтерлерімізді өткізіп дайындалып жүрген болатынбыз. Енді қайда баратынымызды білмейміз, 150 адам күтіп отырмыз. Қазір туысқандарымыздың үйінде тұрып жатырмыз, амал жоқ.
 

Жаңа баспаналарының құрылысы толық аяқталғанын көрген тұрғындар енді үйіне не себепті кіргізбей отырғанын түсінбей дал. Жұртшылықтың мұндай сауалына әкімдіктегілер ауа райы кінәлі дейді. 

 Олжас Тәжібаев, Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы:

-2020 жылы шілде айында 127 тұрғын үй салуға келісімшарт жасалды. Оның Наурызбай ауданындағы «Алма Сити 5» кешенінде 350 пәтері жұмыс істейтін жастарға жалға беріледі деп көрсетілген. Өткен жылдың желтоқсан айында 22 үйдің құрылысы бітті. Ауа райына байланысты тек абаттандыру жұмысы қалып отыр.
 

Осылайша жалдамалы үйәне қол жеткізе алмай жүрген тұрғындардың мәселесіне нүкте қойылмады. Тек абаттандыру жұмысы қалды деген атқамінерлер баспаналарының кілті қолға   нақты наурыз айында тиетініне уәде етті. Ал бағасы шарықтаған пәтерде күнелтіп жүргендер тиімді бағдарламаның титықтатқанына қынжылып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде