{metadescription}
 Сәби аңсаған отбасы зейнетақы жинағынан ЭКО жасата алады
 Сәби аңсаған отбасы зейнетақы жинағынан ЭКО жасата алады

Сәби аңсаған отбасы зейнетақы жинағынан ЭКО жасата алады

Қазақстанда ЭКО жасату жеңілдетіледі. Енді жасанды бала сүю процедурасына зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға болады. Ал ЭКО жасауға салым сомасын жұмсау қағидаларын Денсаулық сақтау министрлігі ақпан айының басында жариялайды.

Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы:

-Біз бұл тақырыпты әлі де айтамыз. Әлеуметтік желілерде арнайы пост жариялаймыз. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерін шақыруымыз керек, өйткені халыққа көп нәрсе түсініксіз болып қалуы мүмкін. Келесі аптада талаптары шығады. Зейнетақы жинағы есебінен бала сүюді аңсаған отбасылар ЭКО жасата алады.

Зейнетақы қорындағы жинақты еліміздегі санаторийлерде демалу, тіс емдету немесе пластикалық хирургия жасауға да жұмсауға болады. Бірыңғай оператор ешбір салымшыға ақшаны қолма-қол бермейді. Мамандар ем-дом шығынына берілетін соманы «Отбасы банкінде» ашылған арнайы шоттарға аударады.

Баспана сатып алу немесе ипотекасын жабуға өтінім білдіргендер алдағы дүйсенбіде уәде етілген қаражатты ала бастайды. Үш күннің ішінде зейнетақы жинағындағы 150 миллиард теңгеден астам қаржыны алуға 30 мыңға жуық өтінім қабылданған.

Біржолғы зейнетақы төлемі беріледі дегені сол еді, алаяқтар шығып жатыр. Қазір қаскүнемдер салымшыларға мақұлданған өтінім туралы хат жіберіп, өздерінің жеке дерегін көрсетуді сұрайды. Қор өкілдері халыққа арандатушылыққа бармауға және ешқандай ақпарат бермеуге шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.