{metadescription}
Коронавирустың кесірінен жас босанған ана өлімі көбейген
Коронавирустың кесірінен жас босанған ана өлімі көбейген

Коронавирустың кесірінен жас босанған ана өлімі көбейген

Коронавирустың кесірінен ана өлімі көбейген. Былтыр елімізде жас босанған 156 келіншек қайтыс болыпты. Оның жартысынан көбі қауіпті індет жұқтырған.

Ана өлімі әсіресе Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Ақтөбе облыстарында көп тіркелген. Мәселен, Ақтөбеде былтыр 15 ана бақилық болды. Оның тоғызы Covid-19 вирусын жұқтырған. Жазда ел жаппай ауруға шалдыққанда жүкті келіншектерге бақылау жөнді жүргізілмепті. Маман тапшы болып, аналарды уақтылы емдей алмаған. «Енді осы кемшілікті болдырмау керек» - дейді дәрігерлер. Ол үшін перзентханаларды қажетті құрылғылармен жабдықтау қажет. Бір қуанарлығы, карантиннен кейін жүкті әйелдер саны артқан. Тіпті былтыр бала туудан елде рекорд орнады. Коронавирустан сақтансақ, демогорафия өсімі биыл да көбейеді деп күтілуде.

Нұрлан Қожин, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

-2020 жылы облыс көлемінде 647 әйел індет жұқтырды. Оның 293-і бала тууға қабілетті. Бір өкініштісі, коронавирус жұқтырған тоғыз келіншекті аман алып қала алмадық. Олардың барлығы облыс орталығының тұрғындары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.