{metadescription}
Отандық ғалымдар екпенің маңыздылығын қалай түсіндірді?
Отандық ғалымдар екпенің маңыздылығын қалай түсіндірді?

Отандық ғалымдар екпенің маңыздылығын қалай түсіндірді?

Қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылында мектебімен қауышып, ал халық бетпердені шешуі мүмкін. Ол үшін ел тұрғындарының 76 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы егілуі керек. Осындай болжаммен бөліскен отандық медицина ғалымдары екпенің маңыздылығын бұқараға тағы түсіндіруге тырысты.

Манар Смағұл, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары:

-Індетпен сырқаттану мен өлім-жітімді төмендететін тек вакцина. Біздің халқымыз бұны түсінуге тиіс. Құдай қаласа, күзге қарсы бетпердені де шешетін уақыт келетін шығар. Мүмкін күзде оқушылар мектепке оралар. Халыққа ашық айту керекпіз.

Дүйсенбіден бастап елде Covid-19-ға қарсы жаппай вакциналау жүргізіледі. Бүгін Қазақстанның бас санитар дәрігері коронавирустан вакциналау тәртібін бекітіп, жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта алдымен коронавирусқа қарсы екпені медицина қызметкерлері алатыны көрсетілген. Яғни ақпанның бірінен бастап инфекциялық стационар мен жедел жәрдем қызметкерлері және реаниматологтар егіледі.

Ақ халаттылардың қатарына кейін мектеп пен университет мұғалімдері, полицейлер қосылады. Бұдан соң студенттер мен балалар интернатының жұмысшылары кезекте тұр. Ал құтқарушылар, әскерилер мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері екпені сәл кешігіп алады. Бас санитар бекіткен құжаттағы тізім шенеуніктер, елшілер, ұлттық құрамадағы спортшылар, сонымен бірге созылмалы ауруы бар азаматтармен аяқталады. Ал қалған қазақстандықтарға вакцина жазға қарай салынады. Коронавируспен қазір ауырып жатқандар немесе жарты жыл бұрын ауырғандарға, сондай-ақ, балаларға, 65 жастан асқандарға, жүкті әйелдерге екпе салынбайды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде