Коронавирус өршіп тұрған аймақтар
Павлодар облысының екі елдімекеніне санитарлық бекеттер қойылатын болды. Енді Көктөбе мен Кеңтүбек ауылдарына кіріп-шығу тек жұмыс орнынан анықтамасы бар тұрғындарға ғана рұқсат.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
29.01.2021
Қазір Павлодар облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл аймақта». Өткен тәуліктің өзінде мұнда 300-ге тарта адамнан індет анықталған.
Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында да вирус өршіп тұр. Бұл өңірлер қауіптің ең жоғары деңгейінде. «Сары аймақта» жалғыз Қарағанды облысы. Өткен тәуліктің өзінде коронавирус диагнозы мың жарымға тарта тұрғынға қойылған. Бұған қоса 6 науқас осы індеттен көз жұмды. Ал пневмониямен 59 адам тіркелді.
Пандемия басталғалы Covid-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 184 мыңға жуықтады. Өкпе қабынуын 47 717 адам жұқтырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!