Мүгедек баланың жәрдемақы жасы ұзартылып, жұмыс істеуге жолы ашылды
Мүмкіндігі шектеулі баланың 16 жасқа толғанша күтіміне ата-анасына төленетін жәрдемақы енді 18 жасқа дейін ұзартылады. Ал жарымжан маманды қызметке алмаған компаниялар құр сылтаумен құтылмайды – өтемақы төлеуге міндеттеледі. Мәжілісте әлеуметтік саланы қамтыған заң жобасы таныстырылып, талқыланды.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
01.02.2021
Балайым Кесебаева, Мәжіліс төрағасының орынбасары:
- Қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, квота 4 пайызды құрайды және 70 мың адамға белгіленген. Алайда квота аясында барлығы 15 мың мүгедек немесе 2 пайызы жұмысқа орналастырылды.
Осылайша кәсіпорын жұмысқа орналастырмаған бір мүмкіндігі шектеулі жанға бір тоқсанда 42 500 теңге төлейді. Министрлік өтемақы жарнасын енгізудің арқасында 2025 жылға қарай мүгедек адамдарды жұмыспен қамту үлесін 30 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр. Таныстырылған заң жобасы бойынша, 7-16 жас аралығындағы балалардың мүгедектік санатын белгілеу ұсынылады. Ал қазіргі талаппен тек 16 жастан асқандардың ғана мүгедектік санаты айшықталған. Аталмыш заң жобасын жүзеге асыруға 2021-23 жылдарға қазынадан 55 миллард теңге қарастырылған.
Серік Шәпкенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Халықаралық тәжірибені ескеріп, бұл Жапония, Германия, Франция елдері, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындаудың баламасы ретінде жұмыс берушілерге өтемақы жарнасын 2023 жылдан бастап енгізуді ұсынамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!