Қарағандыда Қазпошта мүгедектен кешірім сұрады
Қарағандыда екі аяғы жоқ мүгедектің пошта бөлімшесінің табалдырығында сүйретіліп жүргені әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кеңсеге кіреберісте пандустың болмауынан кемтарлардың көрген қорлығы жұрттың ызасына тиіп жатыр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
01.02.2021
Арбасынан түсіп баспалдақта өрмелеп бара жатқан мүгедекті жүргіншілердің бірі таспаға түсіріп алған. Тыраштанып әрең көтерілген оған арбасын алып берген соң кембағал ішке беттеді. Сөйтсе мүгедек азамат көмекшісіне берген сенімхат мерзімі таусылғандықтан поштаға сәлем-сауқыт алуға келіпті. Ал Қазпошта өкілдері Қарағандыдағы осы бөлімшеде ғана пандус жоғын айтып ақталды. «Тіпті мүгедектердің еркін-кіріп шығуына жағдай жасауға қаражат жоқ» - дейді Қазпошта өкілдері.
Айнұр Әжітаева, Қарағанды қалалық пошта торабы бастығының орынбасары:
- Бірден барлығын қамтамасыз етуге қаражат жоқ. Бірақ осы жылға бюджетке салынды. Осындай ыңғайсыздық келтіргеніміз үшін клиенттерімізден кешірім сұраймыз. Осы сәуір айында пандус қоямыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!