{metadescription}
QR-код: Қазақстандықтарды төрт түске жіктейді
QR-код: Қазақстандықтарды төрт түске жіктейді

QR-код: Қазақстандықтарды төрт түске жіктейді

Қазақстандықтарды денсаулық жағдайына байланысты төрт түске жіктейді. Қызыл, сары, көк және жасыл түс адамның коронавирустан аман екенін және ПТР-анықтамасының бар-жоқтығына байланысты белгіленеді. Қоғамдық, не көпшілік орындардың кіреберісінде арнайы QR-коды тексеріледі. 

Әсет Тұрысов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

Бұл жобаны әлемнің Корея, Малайзия, Түркия елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып жүзеге асырып отырмыз. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп 50-ден астам кәсіпорында аталмыш қосымша пилоттық жоба ретінде жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде кемшіліктері анықталып, ведомствоаралық комиссия отырысында қосымшаға қатысты нақты шешім қабылданады.

Цифрлық даму және Денсаулық сақтау министрліктері бірлесіп, «Ashyq» қосымшасын жасап шығарған. Бұл арқылы елдегі эпидемиологиялық ахуалды қадағалайды. Әсіресе, адам қарасы көп жиналатын орындардағы қауіпсіздікті қосымша арқылы қаматамасыз ету көзделіп отыр. Сол арқылы, кинотеатр, караоке сынды карантин кесірінен жабылып қалған нысандардың жұмыс істеуіне мүмкіндік туады. Осы орындарға кірмес бұрын әр келуші ұялы телефонындағы қосымшасымен QR-кодын тексертеді. Нәтижесінде оның ковид-19-бен ауырғаны, ПТР-анықтамасының бар-жоғы секілді дерек шыға келеді. Ал смартфоны жоқтар ЖСН арқылы тексерістен өтеді. 

  • Амбулаторлық ем қабылдап жатқан науқастар – қызыл түске;
  • Сырқаттармен байланыста болған, үйінен 500 метр қашыққа шығуына болмайтындар – сары;
  • ПТР-сынаманы талап етпейтін орындарға баруына рұқсаты барлар – көк;
  • Теріс нәтижелі ПТР-тесті бар адам – жасыл.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде